Заң

Астаналық 5 балабақша меңгерушісі сотталды

Олар бүлдіршіндердің асына бөлінген қаражатты қолды қылған

 Елордада мектепке дейінгі 5 ұйымдардың меңгерушілері және олардың көмекшілері жас балаларды тамақтандыруға арналған ақша қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бас прокуратураның дерегінше, бұрынғы балабақша басшылары мәзірге сәйкес қажетті азық-түлік көлемін көрсете отырып өтінімдер берген. Бұл ретте алдын ала өнім берушімен қылмыстық сөз байласып, олар толық жеткізілім туралы құжаттарға жалған мәліметтер енгізген.  Қылмыстық схеманың бастамашысы және қылмыстық келісімнің тікелей ұйымдастырушысы бұрын сотталған олардың сыбайласы (өнім беруші) болған.