Қажылыққа апарамын деп 17 адамды алдаған азамат ұсталды
Астанада азаматтарды қажылыққа апарамын деп алдаған алаяқ сотталды.
Ол өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, жалған әуе билеттері мен қонақүйлер үшін азаматтардың 7,4 млн теңгеден астам қаражатын алдап иемденген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Прокуратура ескертеді: қажылыққа байланысты қызметтерді алу үшін лицензиясы бар туристік агенттіктерге жүгіну қажет. Ақшаны тексерілмеген тұлғаларға, тіпті өздерін қажылық ұйымдастырушысы ретінде таныстырған адамдарға аудару алаяқтарға тап болу қаупін тудырады.