Бишімбаев алқабилерді сатып алуы мүмкін бе – Бас Прокурордың орынбасары жауап берді
Әсет Шыңдалиев сот ток-шоу емес, онда тәртіп сақталуы керек екенін атап өтті
Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтеді. Осыған байланысты қоғамда сотталушының жақындары алқабилерді сатып алуы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев қазақстандықтардың күмәнін сейілткендей болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Мәжіліс кулуарында журналистер алқабилердің ақшаға сатылып кетпейтініне кім кепілдік беретінін сұрады.
Бас прокурор орынбасарының пікірінше, Бишімбаевтың соты объективті өтеді. Қазір сот процесі ашық жүріп жатыр. Сондай-ақ ол сотта Бишімбаевтың туыстарына көп артықшылық жасалып жатыр деген пікірмен келіскен жоқ.
Бұдан бөлек, мәжіліс кулуарында Бишімбаевтың соты туралы депутат Абзал Құспан да пікір білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы қатігездікпен өлтірді деп айыпталып отыр. Алайда экс-шенеунік кінәсін мойындаған жоқ. Осы іс бойынша басты сот отырысы 27 наурызға белгіленді. Сот Бишімбаев тарапының өтінішімен алқабилер сотының қатысуымен өтеді.