Бұрынғы басқарма басшысына қатысты сот басталды

0 175

Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды.

Тимуржан Нұрымбетов 9 миллион пара алды деп айыпталып, сәуір айында қамауға алынған болатын. Артынша ол қызметінен босатылды.

Айыпталып отырған экс-шенеуніктің жергілікті қоғамдық бірлестік жетекшісі арқылы ақша жымқырмақ болғаны анықталған еді. Т.Нұрымбетов басқарған басқарманың тек бір ұйыммен етене жақын жұмыс істеуі күдік туғызған. Бұл бірлестік осы жылдың өзінде 86 миллионға мемлекеттік тапсырыс алыпты. Қаражаттың бәрі бір көзден алынып, ешқандай конкурс өткізілмеген.

Айта кетерлігі, басты күдіктінің сыбайласы ретінде тағы бес адам тартылып отыр. Оның біреуі – қаражатты алып жатқанда ұсталған делдал.

Күні кеше ғана болған алғашқы сот процесі онлайн түрде өтті. Судья сыбайластардың бесеуіне қатысты өндіріске алынған істі тоқтатуға, не қысқартуға негіз жоқ деген шешім шығарды. Келесі сот отырысы 17-ші тамызға белгіленді.

КТК

Leave A Reply

Your email address will not be published.