Заң

ҰҚК есірткі тасымалдағандарды ұстады

Тіпті, есірткі қоймасы да анықталған

Астана және Алматы қалалары бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткіні елге жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Қабылданған шаралардың нәтижесінде есірткі арнасын ұйымдастырған адам қамауға алынған.

Осы іс-шаралардың нәтижесінде 18 кг психотроптық заттар мен 500 литрден астам прекурсорлар тәркіленген.