Кәмелетке толмағандардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру ұсынылды

17

Жамбыл облысының полицейлері мереке күндері кәмелетке толмағандардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына ерекше назар аудару қажеттігін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көптен күткен мереке жақындап келеді, көшелерден Аяз аталардың қызыл шапандары мен Ақшақардың көк көйлегін кездестіруге болады. Бүкіл қала витриналары мерекелік түрлі жапсырмаларға толы. Мерекеге орай Жаңа жыл алдындағы сыйлықтар мен рождестволық тәттілер мен өнімдерді сатып алу ешкімді бей-жай қалдырмайды. Тіпті коронавирус індетінің таралу қаупі де мерекелік көңіл-күйге кедергі келтірмейді. Алайда, тәртіп сақшылары бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды еске салу бойынша өз жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жұмыстар жалғаса береді. Өткен демалыс күндері ғана облыс қызметкерлері түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ішкі істер органдарына 59 кәмелетке толмаған баланы жеткізді. – Мерекелер алдын-алу шараларын азайтуға себеп бола алмайды.

Дәл осы кезеңде ата-аналар балаларына тиісінше көңіл бөлмеуде. Осыған қатысты ата-аналарды өздерінің тікелей міндеттерін ұмытпауға және балаларының бос уақытына ерекше назар аударуға шақырамын, – деді Жамбыл облысының ПД ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуанышбек Қалжанов.

Тек соңғы үш күннің ішінде ғана 178 ата-ана мен өзге де ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін екі азамат, үш кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін екі ата-ана және бір кафе-бар иесі жауапкершілікке тартылды, алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін төрт дүкен иесі, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 58 ата-ана, басқа да құқық бұзушылықтар үшін 112 ересек адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, қаңғыбастық дерегі бойынша 5 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін екі заңды өкіл ата-аналық құқығынан айырылды.