Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды
Ол бюджет қаражатын заңсыз қалтаға басқан
Жезқазған қалалық соты облыстың Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ә.С. Омарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол мұражай мамандары мен басқа да ғалымдардың мақалалар жинағын шығару бойынша орындалмаған жұмыстары үшін заңсыз аудару арқылы 2,3 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.