Мал базарларында ұрланған мал сатыла ма?

0 216

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мақсат Юсуповтың қатысуымен «Жамбыл облысы аумағында мал ұрлығын алдын-алу және ашу жұмыстарының жәй-күйі туралы» онлайн баспасөз конференциясы өтті.

Мақсат Мүсірепбекұлының айтуы бойынша, ұдайы түрде атқарылатын іс-шараның бірі – мал ұрлықтары жиіліген аймақтарды анықтап, мал тасымалдау және айдап алып кету жолдарына тосқауыл қою жұмыстарын ұйымдастыру. 

Полиция полковнигі ұрланған мал базарларға не болмаса, ет өнімдерін өткізу орындарына тасымалданатынын айтады. Осыған орай, облыс аумағындағы 8 мал базарларында мұндай жағдайларды болдырмау үшін жаяу патрульдер мен мобильдік топтар  жұмысы жолға қойылған. Олар алдына-ала бекітілген маршруттар мен кестеге сәйкес жұмыс жүргізеді.

– Сондай-ақ, ұрлықы мал көршілес облыстар аумағындағы мал базарларға тасымалдануы мүмкін. Сол себепті Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылындағы мал базары, Шымкент қаласындағы «Көпір» аймағындағы, Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылындағы, Қарағанды облысындағы Приозерск қаласындағы мал базарларға шығу жолдарына тосқауыл жасалады, – дейді М. Юсупов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.