Оралдың әкімі тұрғынға 2,2 млн теңге төлеуге міндеттелді
Өткен жылы су тасқыны салдарынан зардап шеккен азамат қала және облыс әкімдіктеріне жүгініп, оның тұрғын үйін тұруға жарамсыз деп тану және тұрғын үй беру туралы өтініш жазған
БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында шаһар тұрғынының Орал қаласының әкіміне дау айтуы туралы іс қаралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өткен жылы су тасқыны салдарынан зардап шеккен азамат қала және облыс әкімдіктеріне жүгініп, оның тұрғын үйін тұруға жарамсыз деп тану және тұрғын үй беру туралы өтініш жазған.
Алайда бас тарту туралы жауап алған.