Қазақстанда карантин тәртібін енгізу туралы қаулы жобасы әзірленіп жатыр

0 117

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қазақстанда шектеу шаралары мен карантинді енгізу бойынша ережелер белгіленген қаулы жобасын жариялады.

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасы жарияланды.

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексіне сәйкес әзірленді», — делінген қаулы жобасында.

Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары инфекциялық аурулардың шетелден Қазақстан аумағына әкеліну қаупі кезінде, Республикада, Қазақстанның жекелеген аумақтарында және объектілерінде инфекциялық аурулар жағдайлары туындаған кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің шешімімен енгізіледі (күшін жояды).

Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесі

4

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.