Заң

Ұрыларға туысының пәтерінен ақша жымқыруға көмектескен ер адам ұсталды

The final spritzer

Қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерден ірі көлемде ақша ұрланды

Ұрыларға туысының пәтерінен ақша жымқыруға көмектескен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Күдіктілер пәтерге пластикалық терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгені қолды қылған. Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады.

Тергеп-тексеру барысында ұрыларға жәбірленушінің туысы көмек көрсеткені анықталды. Ол күдіктілерге туысының пәтерінде қолма қол ақша бар екенін айтқан. Ұрланған ақшаны күдіктілер өз қажеттіліктеріне жұмсаған, несиелерін төлеп, ойын-сауық орындарына барған.