Заң

СҚО-да заңсыз сатуға арналған 150 литр спирт тәркіленді

Бұдан бөлек, гараж ішінде сақталған 491 блок темекі өнімі де анықталып, тәркіленді.

Петропавл қаласында жүргізілген рейд барысында полицейлер бұрынғы орталық көтерме базар маңындағы гараж кооперативтерінің бірінен спирт құрамды өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz. cілтеме жасап. 

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары көлемі 5 литрлік 30 пластик бөтелкені және 0,5 литрлік 8 шыны бөтелкеге құйылған спирт құрамды өнімдерді тәркілеген. 

Белгілі болғандай, жасырын түрде сатылған бұл тауарлардың ешқайсысында акциздік марка болмаған. Сонымен қатар олардың қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттар да табылмаған. Осыған байланысты гараж иесіне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген спирт мөлшері 150-ден астам ұзаққа созылатын ішімдік отырысын өткізуге жетер еді. Ал суррогат алкоголь қолданылатын мұндай жағдайлар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасалу қаупін айтарлықтай арттырады.