Шу ауданында ұрлық жасаған екі күдікті ұсталды

31

Жамбылдық полицейлер Шу ауданында ұрлық жасаған екі күдіктіні ұстады.

2020 жылдың 10 желтоқсанында Шу ауданының полиция бөліміне 46 жастағы жергілікті тұрғын үйінен теледидар, музыкалық колонкалар мен екі пар етіктің ұрланғаны туралы арызданған. Тұрғын үй иесіне  540 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

16 желтоқсанда осы полиция бөліміне Шу қаласының тұрғыны 201 мың теңге тұратын теледидарының ұрланғаны туралы шағымданды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жоғарыда аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Шу қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдікті өз кінәсін мойындап, Шу АПБ-нің УҰИ-ға қамаққа алынды. Заттай дәлелдеме ретінде тәркіленген заттар иесіне қайтарылды.

baq.kz