Шу тұрғыны Алматыда есірткі сатпақ болған кезде ұсталды – видео

32

Алматыда Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері «Участок» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде есірткі заттарының ірі көлемі бар ер адамды ұстады.

«Біздің ауданымызда орналасқан пәтерлердің бірінде есірткі заттарының жағымсыз иісі шығатыны және осы пәтердің айналасында үнемі күдікті адамдардың айналып жүретіндігі туралы жедел ақпарат алдық. Ақпарат расталды. Бұл пәтерді 1989 жылы туған Б.есімді азаматтың жалға алатындығы анықталды. Тұрғын үйді тінту кезінде қалтаға оралған есірткі заттары табылды. Күдікті қамауға алынды. Ол Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Ер адам жұмыс істеу үшін Алматы қаласына келген. Ол өзімен бірге шаһар аумағына тарату үшін гашиш түріндегі есірткілерді ала келген. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 1 келі 670 грамм, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Қазіргі уақытта тергеу басталды.

 

aikyn.kz