Шулық кәсіпкерге қару кезеніп, ақша талап еткен қарақшылар қолға түсті
Шулық кәсіпкерге қару кезеніп, ақша талап еткен қарақшылар қолға түсті
Полиция қызметкерлері Шу ауданы кәсіпкерлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін облыстың 29 және 34 жастағы 2 тұрғынын ұстады.
Ағымдағы жылдың 15 қарашасында 49 жастағы тұрғын полицияға атыс жарақатымен жүгініп, түнде медициналық бетперде киген белгісіз екі адамның үйдің ауласына кіріп, қару кезеніп, ақша талап еткенін хабарлаған.
Үй иесінің үнсіздігі, сондай-ақ кенеттен отбасы мүшелерінің үйге оралуынан есі шыққан қарақшылар оқиға орнынан қашып кетпек болған. Салдарынан қудалаудан қорыққан олардың біреуінің атқан оғы үй иесіне тиген.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі (қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктілер өз кінәсін мойындап, Шу ауданының УҰИ-ға қамаққа алынды. Қару тәркіленіп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Кәмшат ҚАДЫР