Таразда 130-дан астам қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0 122

Тараз полицейлері азаматтық қару иелерін тексеруде.

Тараз қалалық полиция басқармасының лицензиялық рұқсат беру жүйесі қызметкерлерінің жүргізген жұмысының нәтижесінде биылғы жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін есепте тұрған 4002 азаматтық қару иелерінің бар болғаны 2927-сі ғана тексеруден өткен. «133 қару иесі ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы (азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерін бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы (қаруды тіркеу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Тараз қалалық полиция басқармасы қару иелерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық бақылау және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды», — делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Департамент қару иелеріне әкімшілік жауапкершілік туралы ескертті.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.