Таразда автокөліктерді тонап келген ұры ұсталды

0 40
Жамбылдық полиция қызметкерлері Тараз қаласының 28 жастағы тұрғынын бірнеше көлік тонады деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеуге дейінгі тексеру барысында барлық ұрлықтың түнгі уақытта тұрғындардың үйлерінің кіреберістерінің жанында тұрған автокөліктерде жасалғаны анықталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қаскүнем дөңгелектерді, доңғалақтардың қалпақтарын, автомагнитолаларды, сондай-ақ машинаның артқы бөлігіндегі заттарды олжалаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды күзетілетін автотұрақтарда (тұрақтарда), гараждарда немесе күзетілетін нысандарда автокөліктерін қалдыруға шақырады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.