Таразда өрттен 2 бала қаза тапты

95

Бүгін сағат 09:57-де полицияға, Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт орын алғаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және 2018 жылы туылған екі кәмелетке толмағанның мәйітін тапқан.
Болжам бойынша өлім – өрт нәтижесінде иіс газынан уланудан болған.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292 бабы 3 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу
басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу).
Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ балаларын тұрмыста өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.