Таразда өрттен 3 адам қайтыс болды      

9

Таразда тұрғын үйдің өртенуі салдарынан үш адам қайтыс болды. Апат құрбандары 1936, 1960 және 1982 жылы дүниеге келген азаматтар.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт кезінде егде жастағы әйел мен оның баласы түтінге уланған. Жанында орналасқан ас үйде тұратын немересі өрт сөндіру қызметі келгенге дейін туыстарын құтқарамын деп озі де  улы газбен уланып қайтыс болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші  бөліміне хабарлама түнде 3 сағат 26 минутта түсті.

Өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілер 21 адам мен 5 техниканың жұмылыдрда. Өрт сөндіру қызметі өртті 4 сағат 24 минутта сөндірді.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі