Таразда «Жүрек» өртенді

0 166

Бүгін таңғы сағат 7:46-да Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар депараментінің Өрт сөндіру мекемесіне қарасты Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің «101» телефон нөміріне Тараз қаласы, Желтоқсан көшесінде орналасқан «Жүрек» кардиохирургиялық клиникасында өрт оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Тараз қалалық Өрт сөндіру бөлімдерінен (Тараз қ. №1 МӨСБ, №2 МӨСБ, №3 ӨСБ, №4 ӨСБ, КӨСҚ) 6 өрт сөндіру автокөліктері мен 1 УАЗ автокөлігі, сондай-ақ 32 адамнан құралған жеке құрам оқиға орнына шыққан.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел түрде жүргізілген барлау жұмыстарынан кейін оттегі баллондарын сақтайтын қоймада өрт оқиғасы орны алғандығын анықтап, шұғыл түрде өрт сөндіруге кіріскен.

Өрт 8:06-да ауыздықталып, өрттің өзге ғимараттаға таралуына жол бермеді Өрт орын алған аумақта ем қабылдап жатқан пациенттердің өміріне ешқандай қауіп төндірілмеді. Дегенмен өрт салдарынан 35 дана оттегі баллондары және қойманың қабырға қаптаулары жойылған. Тілсіз жау сағат 8:26-да жойылып, от шарпыған аумақ 5 шаршы метрді құраған.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.