Ұрланған жылқылар егесіне қайтарылды

28
Т.Рысқұлов ауданының тау етегіндегі жайылымынан үш жылқы ұрланды.
Полицияға Т.Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылының 32 жастағы тұрғыны үш жылқысының ұрлағаны туралы шағымданған. Келтірілген шығын көлемі миллион теңгеден асады. ҚР ҚК –нің 188-1-бабы 2-бөлігі (мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 40 және 53 жастағы екі ер адамды ұстады. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жылқылар иесіне қайтарылды.

 

Кәмшат ҚАДЫР