Заң

"Заңсыз көші-қон": Шымкентте полицейлер қылмыстық топты әшкереледі

Министрлік көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген фактісі жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертеді.

Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Polisia.kz жазуынша, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан.

Министрлік көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген фактісі жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертеді. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасады.