Заңсыз аң аулағандар ұсталды

24
«Мамандандырылған» Сапсан»жедел қызметінің» инспекторлары жабайы қабан шошқаны атып алған азаматты ұстады. Оқиға Сарысу ауданындағы Жайлаукөл елді мекенінің маңайында орын алған. Кешкі сағат 19.30 шамасында күдікті азаматты тоқтатып тексергенде оның қасында 16 калибрлі аңшы мылтығы болған. Бұл айғақ заттар Сарысу аудандық полиция бөлімшесіне өткізілді. Енді ұсталған азаматқа 250 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
Бұдан өзге, топ инспекторлары бір күн алдын, яғни 14 қаңтар, бейсенбі күні дәл осы Сарысу ауданынан 1 жабайы қоян және Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып алған азаматты ұстаған болатын. Ол азаматтан 2 аңшы мылтығы тәркіленіп алынды. Шара Сарысу орман шаруашылығы мекемесі және Сарысу аудандық полиция бөлімшесімен бірлесіп жүргізілді. Заңды бұзған азаматқа салынған айыппұл көлемі 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Тәркіленген қарулар Сарысу аудандық полиция бөлімшесіне өткізілді.