Жамбылда тағы бір тұрғынүй өртке оранды

20

Бүгін сағат 11.01-де Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» кезекшілік-диспетчерлік қызметіне Жамбыл ауданы Түркісіб ауылындағы тұрғынүйде өрт оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Тараз қаласының екі өрт сөндіру бөлімінен барлығы 3 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 18 адам жеке құрам шықты. Сонымен қатар Кезекшілік өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері де оқиға орнына шұғыл келіп жеткен.

Жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайтын өрт от жауынгерлерімен 20 минуттан астам уақытта жойылған. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан тұрғынүйдің шатыры жойылды. Қазіргі уақытта ТЖ қызметкерлерімен өрттің шығу себебі және келтірілген материалдық шығыны анықталуда.