Заң

Жамбылдық полицейлер ірі көлемде гашиш есірткі затын тәркіледі

Жамбылдық полицейлер ірі көлемде гашиш есірткі затын тәркіледі

Жамбылдық полицейлер ірі көлемде гашиш есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 27 қаңтарында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері Шу-Қордай автожолында Алматы қаласының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы “Шевролет” маркалы көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында капоттың астынан скотчпен оралған үш түйіншек табылды, оның ішінде жалпы салмағы 1 келі 880 грамм “гашиш” есірткі заты болған. – Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деп хабарлайды Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.