Жамбылдық азамат есірткі сатты деген күдікпен ұсталды
Жамбылдық полицейлер есірткі құралдарын сатты деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам ұзақ уақыт бойы Қазақстан Республикасының батыс аймақтарына сату үшін марихуана есірткі заттарын дайындаумен айналысқан.
ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Жамбыл ауданының УҰИ-ге қамаққа алынды, — делінген ақпаратта.