Жамбылдық полицейлер 500-ге жуық құқық бұзушылық дерегін анықтады

28

Жаңа жылдық мереке күндері жамбылдық полицейлер 500-ге жуық құқық бұзушылық дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 31 желтоқсан мен 2021 жылғы 1 қаңтар аралығында жамбылдық полиция қызметкерлері 509 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтап, жолын кесті.

Оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында – тоғыз құқық бұзушылық, 40 – ұсақ бұзақылық және қоғамдық пайдалану орындарын ластау деректері, 67 азамат алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін жауапкершілікке тартылды, қоғамдық орындарда тиісудің 32 дерегі және абаттандыру ережелерін бұзудың 40 дерегі, қала мен елді мекеннің жасыл екпелерін жою және бүлдіру, сондай-ақ тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзудың 15 дерегі анықталды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысында мереке күндері халық көп жиналатын орындар мен өзге де қоғамдық пайдалану орындарын патрульдеуді жүзеге асырған түрлі қызметтерден үш мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Оның ішінде, облыстың әрбір ойын-сауық мекемесіне (кафе-барлар, мейрамханалар және т.б.) карантиндік шектеулерді сақтау және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында кезекші жасақтар бекітілді.

Учаскелік полицейлердің әкімшілік учаскелердегі үйлердің тұрғындарымен чаттардағы жұмыстары күшейтілді, жалдамалы пәтер иелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жаңа жыл қарсаңында барлық әкімшілік учаскелерде көптеген қонақтардың жиналуына жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары өткізілді. Сондай-ақ, полицейлер жаңа жылдық демалыс күндерін қауіпсіз өткізу және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін пайдалану туралы ұсыныстар берді.