Жамбылдық шенеунік өз орынбасарынан пара алмақ болған

55

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысын ұстады. Бұл туралы онлайн-брифингте Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров хабарлады.

«Департамент басшысы өз орынбасарынан осы лауазымға тағайындауға көмек көрсеткені үшін 2 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда», деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, екі қазақстандық судья пара алды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, Аягөз әкімі 1,2 миллион теңге пара алды деген күдікке байланысты ұсталды.

egemen.kz