Жас қызметкерлерге арнайы әскери дайындық сабақтары жүргізілді

13

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінде жас қызметкерлерге арнайы әскери дайындық сабақтары жүргізілді. Сабақ барысында тағылымдамадан өтуші қызметкерлер жұмыс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары, алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлардың алдын алу,және өзге де тақырыптар бойынша білім алды.

Мекеменің кадр саясаты бөлімшесінің аға инспекторы әділет капитаны Еркебұлан Садуановтың айтуынша, тағылымдаман өтуші қызметкерлер сабақ барысында белсенділік көрсетіп, үлкен қызығушылық танытқан.

Айгерім Ерубаева,
ЖД-158/1 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің бастығы әділет аға лейтенанты