Жасөспірімдерді жұмысқа жеккендер жазаға тартылады

0 96

Тараз қаласы прокуратурасының бастамасымен жергілікті полиция қызметкерлері және Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қатысуымен күндізгі рейд жүргізілді. Рейд жүргізудегі басты мақсат — қала аумағында жұмыс берушінің кәмелетке толмағандарға еңбек шартын жасамастан жұмысқа жіберуі деректерін анықтау. ⠀
Нәтижесінде, 13 нысанда кәмелет жасқа толмаған 16 жасөспірім заңсыз жұмыс істеп жатқаны анықталды. ⠀

Аталған заң бұзушылықтар бойынша ӘҚБтК-тің 86-бабының 3 бөлігіне сәйкес, еңбек инспекциясына 13 обьектінің әкімшілік жауапкершілігін қарастыру бойынша ұсыныстың жобасы әзірленуде. ⠀

Сонымен қатар, өткен аптада жоғарыда аталған комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібі бойынша 2 мәселе қаралды. Отырыс комиссиясы мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша 1 кәмелетке толмаған баланы арнайы мектепке ауыстыру және 1 ата-анаға бала алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында 1 ай сынақ мерзімін беру туралы шешім қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.