Жедел желі жұмыс істеуде

0 56

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің 2020 жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген отырысында қоршаған ортаны стихиялық қоқыстармен ластау проблемасын атап өтті.
Осыған байланысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы мәселе бойынша мониторинг жүргізу үшін Қазақстанда арнайы жедел желіні іске қосты. Бұл желіге Қазақстанның кез келген тұрғыны өз қаласындағы немесе ауылындағы апатты үйінділер туралы, оның ішінде фото, видео растайтын ақпарат жібере алады. Сондай-ақ жергілікті полиция қызметі және әкімдіктермен бірге жағдай қадағалайтын болады. Жедел желі номері: +77759524900.
Тұрғындар өтініші ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Watsapp желісіне келіп түседі. Одан әрі шаралар қабылдау үшін елдің облыстары бойынша ұқсас топтарға бөлінеді.
Облыс бойынша бұл топқа облыс әкімінің осы саланы жетекшілік ететін орынбасары, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің тиісті орынбасарлары, жерігілікті полиция қызметінің, Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің және табиғи ресурстра және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері кіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.