Жүгенсіз кеткен жеткіншектерді жөнге салды

0 43

Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, қала әкімдігінің білім бөлімі, мектеп әкімшілігі және жергілікті полиция қызметкерлері түнгі уакытта бірқатар ойын-сауық мекемелеріне рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейд барысында 18 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде, 16 жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілінсіз үйден тыс жерде жүруіне байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-ші бөлігіне сәйкес олардың заңды тұлғаларына ескерту туралы әкімшілік хаттама толтырылды.

Рейдтік іс-шара жүргізу барысында Абай көшесі бойында орналасқан «COALA» дәмханасында 1 жасөспірім түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық мекемесінде болғаны анықталып, оның заңды өкілдері Арқалық қаласында болуына байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар, «COALA» дәмханасының әкімшілігіне қатысты аталған Кодекстің 132-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.