«6 министр, 10 млн аудитория». "АФМ оline 2024" ауқымды шарасы өтті
Елімізді толық қамтыған шара түрлі тақырыпты қаузады
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған "АФМ оline 2024" ауқымды шарасы өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қаржы мониторингі агенттігі ұйымдастырған ауқымды шарада тікелей эфир арқылы 6 министр, 10 миллион аудиториясы бар атақты блогерлер, қаржы саласының сарапшылары түрлі тақырыптарды қамтыды. 3 сағатқа созылған жиында интернетте кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын блогерлерге заңды қызметті жүргізу үшін заңнама нормалары да түсіндірілді. Сондай-ақ, белгілі медиа тұлғалар, қаржы талдаушылары 35 ЖОО басшылығы мен жергілікті әкімдіктер қосылып, қаржылық пирамидалардың жалпы сипаты мен алдын алу бойынша бірқатар шараларды атап өтті. Атаулы жиыннан Тар ӨУ студенттері де өзіне керегін алды.