Жамбыл жаңалықтар

«АЭС салынса, елде электр энергиясы бұрынғыдан да қолжетімді болады» – Роза Қағазбаева

Мұндай пікірді Қордай аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Қағазбаева білдірді

Қордай аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Қағазбаева АЭС салу бастамасы ел үшін оң өзгерістер әкелетінін, электр энергиясы бұрынғыдан да қолжетімді бола түсетінін алға тартты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның сөзінше, елде атом электр энергиясын салу арқылы 100 мыңға дейін жұмыс орнын құруға болады.