Қала әкімі ардагер журналист Ғалым Қасабайға құрмет көрсетті
Ол биыл 63 жасқа толып отыр
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков зейнет жасына келген республикалық «Salyq tartibi» газетінің Директор-бас редакторы, қарымды қаламгер Ғалым Қасабайға құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ғалым Иенбергенұлының есімі мен еңбегі қолына қалам ұстаған қауымға жақсы таныс. Сонау 90-шы жылғы тоқырау кезеңінде «Salyq tartibi» басылымының жұмысын жолға қойып, сол арқылы халықтың нарықтық сауатын ашуға күш салды. Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қарымды қаламгерді мерейтойымен арнайы құттықтап барды.
Ғалым Иенбергенұлы да өз кезегінде қала әкіміне ризашылығын жеткізіп, алғысын білдірді.