«AMANAT» Әйелдер қанаты: Әйелдің үні – қоғамның үні
Жиында бірқатар мәселе талқыланды
Шу ауданында облыстық «Айша бибі» жобасы аясында «Көшбасшы әйел қандай болуы керек?» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында партияның аудандық Әйелдер қанатының үйлестірушісі Айжан Байгисиева, аудандық мәслихат депутаты Ұлжан Оспанова және Қонаев атындағы орта мектебінің директоры, аналар кеңесінің төрайымы Қалдыкүлөз Бабасова сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті.
Басқосу барысында қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, өз ойын ашық айтып, саясатта да, өзге салаларда да іскерлігімен танылып жүрген нәзік жандар жайлы ой қозғалды. Бүгінде елімізде көшбасшылық әлеуеті жоғары әйелдердің қатары артып келе жатқаны ерекше атап өтілді.
Кездесуде Жаңа Конституцияға қолдау білдіріліп, референдумның әр азамат үшін ел болашағына жауапкершілікпен қараудың көрінісі екені айтылды.