Жамбыл жаңалықтар

"Антирекорд". Қазақстандағы ең аз орташа жалақыны жамбылдықтар алады

Ұлттық статистика бюросы елдегі "қызметкерлердің саны және жалақысы" туралы мәліметтерді жаңартты

Бюроның дерегіне сенсек, биыл былтырғы жылмен салыстырғанда айлық жалақының орташа мәні 11,3%-ға өсті, нақты жалақы индексі 102,7%-ға тең, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Айта кетейік, ең көп орташа жалақы алатындардың қатарында Атырау облысы көш бастап тұр. Орташа жалақы – 630 894 мың теңге. Екінші орында Маңғыстау облысы (570 233 теңге) тұр. Ал үшінші орынды Ұлытау облысы (515 543 теңге) місе тұтты. Ең аз жалақы алатындардың тізіміне Жамбыл облысы (279 645 теңге) жайғасты.