Жамбыл жаңалықтар

Атлах шайқасының  тарихи маңызы қандай

Тарихи шайқас 751 жылы болған

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің директоры Сауран Қалиев брифингте Атлах шайқасының  тарихи маңызы жайында айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Брифинг барысында Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан ерте ортағасырлық «Бесағаш»VI-XII ғғ. елді мекенінде археологиялық ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ақпарат берілді.

Ерте ортағасырлық «Бесағаш»VI-XII ғғ. елді мекенін зерттеу Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен өркениеттің өзара іс-қимылын зерттеу мәселелерінде маңызды мәнге ие, сонымен қатар біріккен араб-түрік әскери жеңісі нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия жеріне  қытай әскері 1000 жылдан астам уақыт бойы аяқ баса алмағаны және күллі мұсылман әлемі тағдырына шешуші ықпал етіп, қала мен даланың өзара ықпалдасуын қалпына келтіруде  және 751 жылы болған “Атлах” шайқасының осы ерте ортағасырлық қаланың аумағында болғанын  археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында  нақтылауға жаңа мүмкіндіктер беріледі.

Осы аймақта болған тарихи процестерді және олардың шектес аумақтарымен байланысты неғұрлым толық зерделеу үшін ірі ауқымды археологиялық зерттеулерге дейін кең көлемдегі археологиялық  барлау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

 «Бесағаш» VI-XII ғғ. елді мекенін зерттеу барлау жұмыстарын жүргізу, қала аймағында орналасқан ескерткіштердің санын анықтап, олардың бір-бірімен байланысын анықтау;

Тарихқа белгілі 751 жылы «Атлах» шайқасы болған аумақтағы тарихи қала екендігін анықтау;

Қаланың шекара аумағын анықтап, қорғау аймағын белгілеу;

 «Ұлы Жібек жолы» бойында қалалар мен қоныстардың өзара байланысын анықтау және тауарлар мен технологиялардың, мәдени эталондар мен діндердің таралуын анықтау.