Жамбыл жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы саласында 425,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді  - Ербол Қарашөкеев

Астанада Жамбыл облысы әкімінің қатысуымен брифинг өтіп жатыр

Ауыл шаруашылығы саласында 425,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласына 24,6 млрд теңге субсидия бөлініп, 14,9 млрд теңге инвестиция тартылған.

Сондай-ақ биыл асыраушы салада алғаш рет ауыл шаруашылығы техникасының  лизингі бойынша бағдарлама іске асырылып, 3,2 млрд теңгеге жылдық 5%-бен 244 бірлік сатып алынған.