Жамбыл жаңалықтар

Қайтарылған активтер: Жамбыл облысы Жаңаөткел ауылы ауызсумен қамтылды

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Жаңаөткел ауылында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылысы жүргізілген ауызсу жүйесі салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Шараға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен ауыл тұрғындары қатысты.

Ауызсу жүйесінің құрылысын «Пырақ-Құрылыс» ЖШС жүргізді. Қазіргі уақытта 75 үйдің ауласына ауызсу құбыры тартылды. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 15 ауызсумен жабдықтау және 4 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылды.