Айыппұлдан жалтару үшін жалған нөмір таққан тараздық қамауға алынды
Ол енді 1 жыл көлік айдай алмайды
Тараз қаласының патрульдік полиция қызметкерлері аумаққа бақылау жүргізу барысында «Lada» маркалы көлігін тоқтатып, заңсыздықтар анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тексеру кезінде 31 жастағы жүргізушінің көлікті жалған мемлекеттік тіркеу нөмірмен басқарғандығы анықталған. Ол автокөліктің өз нөмірін шешіп алып, бейнебақылау камераларына түсіп қалмау үшін жалған нөмір жапсырып жүрген.