Азамат Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының түлектерімен кездесті
Жиынға облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев модераторлық етті.
Жамбыл облысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов жұмыс сапарымен келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектерімен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесуді кіріспе сөзбен ашып, басқосудың мән-маңызын айтқан Лесбек Құралбайұлы мемлекеттік қызмет саласы бойынша өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Мұнан соң Азамат Жолманов сөз алып, мемлекеттік қызмет саласындағы оң өзгерістерді атап өтті.
Өз кезегінде академия түлектері ұсыныстарымен бөлісіп, орамды ойларын ортаға салды.