«Қазанбасов қайта қызметке келе ме?». Экс-әкімнің дәмесі мен әкім орынбасарының жауабы
Байзақ ауданындағы әкімнің креслосы бос тұрғанына 5 айға жуықтады
Бүгін ӨКҚ баспасөз алаңына Байзақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы Болат Сағымбеков келіп, ауданда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Шенеуніктері Jambylinfo.kz тілшісі экс-әкім жайлы сұрақ қойды. Шілде айында зейнеткер атанған Бақыт Қазанбасов туралы әлеуметтік желілерде «Тағайындалмаған әкімге кеңесші болды. Депутат болып, кейінірек аудандық мәслихат төрағасы болуға дәмелі» деген сыңайдағы жазбалар жазылып жүр. Осы бойынша аудан әкімінің міндетін атқарып жүрген Болат Сағымбеков жауап берді.