Жамбыл жаңалықтар

Қазгидромет бес облыста қатты құрғақшылық болатыны туралы ескерту жариялады

The final spritzer

Соның ішінде Жамбыл облысы да бар

«Қазгидромет» алдағы 10 күн ішінде Қазақстанның бес облысында құрғақшылық болатыны туралы дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жамбыл облысы бойынша Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл және Рысқұлов аудандарында;

Түркістан облысының Түркістан, Сайрам, Шардара және Жетісай аудандарында;

Қызылорда облысында Арал ауданында;

Алматы облысының Балқаш, Жамбыл аудандарында;

Ұлытау облысында Ұлытау ауданында ескерту жарияланып отыр.