Жамбыл жаңалықтар

ҚАЖ қызметкерлері күні:  №59 мекеменің еңбегі жоғары бағаланды

Мекеме қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқарып, сотталғандар мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде

13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша №59 мекемесі режим талаптарын сақтау, ішкі тәртіпті қамтамасыз ету және қауіпсіздік шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру бағытында ең үздік мекеме ретінде танылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған мекемені әділет полковнигі Руслан Гарифуллаұлы Уразметов басқарады. Басшылықтың жүйелі ұйымдастыруы мен нақты талап қоюының арқасында мекемеде заңдылық пен тәртіпті сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту бағытында кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Мекеме қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқарып, сотталғандар мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде. Жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі ретінде №59 мекемесінің жетістігі мереке қарсаңында жоғары бағаланды.

Бұл жетістік – мекеме ұжымының кәсібилігі мен бірлескен еңбегінің айқын дәлелі. Алдағы уақытта да тәртіп пен заңдылықты нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.