Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда "Қазпоштаның шатыры" үстіне құлап, мүгедек болып қалған әйел 18,5 млн. теңге өндіріп алды

Жоғарғы Сот арызданушының талабын қанағаттандырды

Жамбылда «Қазпоштаның» шатыры құлап, майып болған әйелдің емі үшін кінәлі тараптан 18,5 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өткен жылы Жамбыл ауданы, Аса ауылында қатты жел "Қазпошта" АҚ филиалы ғимаратының шатырын ұшырып кетіп, ол әйелдің үстіне құлаған еді. Әйел шұғыл түрде реанимацияға жеткізілгенімен, 1 топтағы мүгедектік санаты белгіленген. 
Жәбірленушіге жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының және жұлынның зақымдануы, бет пен білектің кең скальпирленген жарасы, 3-4 омыртқаның қысылып сынуы сияқты ауыр дене жарақаттары келтірілген еді.
АҚ Жамбыл филиалы зардап шеккеннің қызының өтінішіне жауап бере отырып, оған 7 млн теңге көмек көрсеткенмен, ол қаражат шетелде емделуге және оңалтуға жұмсалған барлық шығындарды өтеуге жетпеген. Сондықтан жәбірленуші денсаулыққа келтірілген зиян мен моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Осылайша Сот АҚ объектінің қауіпсіздігі мен пайдалануының тиісті деңгейін қамтамасыз етпеді деген қорытындыға келген. Өйткені, АҚ ғимаратты күтіп ұстауға және шатырдың күрделі жөндеу жұмыстарын бақылауға жауапты еді.