Жамбыл жаңалықтар

Бүгін еліміздегі екі облыс арасында жер сілкінісі болды

Бұл туралы Ұлттық деректер орталығы айтты

Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жер сілкінісі бүгін, 5 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 10:15-те болған.

«Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы - 3,7 балл. Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендік бойынша 43,76 градус, шығыс бойлық бойынша 75,15 градус. Энергетикалық класc K = 8,8»,-делінген хабарламада.