Бүгін Таразда жаңа 20 қоғамдық көлік ел игілігіне берілді
Биыл қаладағы автопарктер 155 жаңа қоғамдық көлікпен толыққан
Бүгін Таразда жаңа 20 қоғамдық көлік халық игілігіне берілді. ЭЖалпы Соңғы соңы 2 жылда қалаға 220-дан аса автобус сатып алынған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атап айтсақ, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан жеткізілген 15 бірлік «Isuzu» маркалы автобустардың 8-і №44, қалған 7-і №23 маршруттардағы ескірген көліктерді алмастырады. Ал «RashLau» ЖШС-не тиесілі 5 автобустың 3-і №13 маршрутқа берілсе, 2-і №18 бағытты толықтырады.
Өзбекстанда құрастырылған 70 адамға арналған автобустардың барлығы төмен еденді пандуспен жабдықталған.
Қала әкімі Бақытжан Орынбековтың сөзінше, өткен жыл мен биылғы жылдың өзінде автопаркты жаңарту үшін 220-дан аса қоғамдық көлік сатып алынған. Оның 155-і биыл әкелінді. Осылайша әкім «3 жылдық жоспарды 2 жылда орындадық» дейді.
Үкімет қаланы екі әкімшілік ауданға бөлу бойынша қаулы қабылдаған. Ендігі 14 елді мекен шаһар аумағының шекарасына өтті. Орынбеков алдағы уақытта сол аумақты қоғамдық көлікпен қамту міндеті күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар автопарктер бәсекелестігін субсидия беру арқылы арттырып отыр. Бұл қоғамдық көлік қызметіндегі сапаны арттырады.