«Банкет өтпейді». Биыл Жамбылда соңғы қоңырау салтанатты түрде соғылмайды
Белгілі болғандай, мектептердегі соңғы қоңырау сынып сағатымен аяқталады
Биыл Жамбыл облысында соңғы қоңырау тойланбайды. Жылда болатын түлектердің банкет, ұзын-сонар шеру ұйымдастыруына, тіпті фотостудия мен мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттік жалдауына тыйым салынады. Мектеппен қоштасу сәті сынып сағатымен тәмамдалады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлова айтты, деп жазады jambylinfo.kz.
Биыл 9 және11 сынып оқушылары мектеппен партада отырып қоштасады. Салтанатты сәтті су тасқынына байланысты тойлауға тыйым салынған. Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Қызылқұлованың сөзінше, бұл күндері қадағалау күшейеді.
Сонымен қатар, жылдағыдай мұғалімге құшақ-құшақ гүл сыйлау, одан қалса таңды қарсалатын думанды кештер де болмайды.