Байзақ ауданында 19 түлек өздері оқитын мектептің алдына ағаш екті
Шара «Таза Қазақстан» атты бес апталық республикалық экологиялық акциясының аясында өтіп жатыр
Қазақстан Республикасы Президентінің «Таза Қазақстан» атты бес апталық республикалық экологиялық акциясын өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, қоғам үшін маңызы зор «Жасыл аймақ» тақырыбындағы іс-шараға Байзақ ауданы, Суханбаев ауылдық округінің мектеп бітіруші түлектері де өз үлестерін қосты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Тазалық жұмыстары барысында Жақаш ауылындағы Кеңестер Одағының батыры, жерлесіміз Ақәділ Суханбаев атындағы орта мектептің алдындағы батырға арналған ескерткіш аумағында осы мектепті бітіруші 19 түлегі естелік ретінде ағаш көшеттерін екті.
Мектеп әкімшілігі түлектердің еккен бұл ағаштары экологияны жақсартып қана қоймай, батырдың есімін алған мектептің айналасына әдемі көрік сыйлайды дейді.